Салықтағы жаңа өзгерістер

Салықтық тексеруге қатысты бұл Кодекстің 278-бабының 1-тармағында салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, жеке тұлғаларға – 10 АЕК мөлшерiнде, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомасының – бұрын 15%-ы болса, қазір 20%-ға өзгертілді, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бұрын 30%-ы болса, қазір 50%-ға, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бұрын 50%-ы болса, қазір 80% мөлшерiнде айыппұл салынатын болды. Бұл өзгерістер бизнесті «көлеңкеден» шығаруға, сыбайлас жемқорлық аспектілерін жоюға ықпал етуі тиіс.
А.НҰРЛЫБЕКОВА,
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы