» Әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бұрынғы тәртіппен төленеді

Әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бұрынғы тәртіппен төленеді


2019 жылғы 1 қаңтардан бастап табысы 25 АЕК-тен аспайтын жұмыскерлерге әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналары бұрынғы тәртіппен төленеді, деп жарияланды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында.
 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жұмыс берушінің есебінен жұмыскердің табысының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің немесе жеке практикамен айналысатын адамдар табысының 3,5%-ы мөлшерінде төленеді.
Әлеуметтік аударымдар төленетін табыс ең төменгі жалақы мөлшерінің деңгейінен кем болмауы тиіс (2019 жылы 1 ЕТЖ 42500-ге тең, әлеуметтік аударымдардың ең төменгі мөлшері ай сайын 1 488 теңгеге тең). Бұл ретте әлеуметтік аударымдар төленетін ең жоғарғы табыс ЕТЖ-ның 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (2019 жылы – 297 500 теңге).
Міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыскердің табысының 10%-ы мөлшерінде төленеді.
Міндетті зейнетақы жарналары төленетін табыс ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс (2019 жылы міндетті зейнетақы жарналарының ең төменгі мөлшері айына 4 250 теңгені құрайды) және ЕТЖ-ның 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (2019 жылы 2 125 000 теңге).
Әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін табыстар ҚР Үкіметі бекіткен тиісті *Қағидаларда айқындалады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап табысы 25 АЕК-ке дейінгі табысы бар жұмыскерлерге салықтық ауыртпалықты жеңілдету үшін ҚР Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы  49) тармақпен толықтырылды, осыған сәйкес салық салуға жататын жеке тұлғаның табысынан осындай табыс сомасының 90 пайызы мөлшерінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен (2019 жылы 63 125 теңге) аспайтын жұмыскердің салық салынатын табысы алынып тасталады (жеке табыс салығы 143 теңгені құрайды).
Сонымен қатар, көрсетілген санаттағы жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушінің (дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың) есебінен төленетін әлеуметтік аударымдардың мөлшері және жұмыскердің табысынан ұсталынатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.
Тиісті нормативтік түзетулер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VІ Заңын іске асыру үшін әзірлеген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасында көзделген, сәйкесінше, қаулы жобасы тиісті Регламент** бойынша ағымдағы жылғы ақпанда ҚР Үкіметіне енгізіледі. Бұл ретте аталған түзетулер 2019 жылғы 1  қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Мысалы, жұмыскердің алатын табысы 63 125 теңгені құрайды.
- міндетті зейнетақы жарналарының 10% мөлшері (әлеуметтік аударымдар төленбейтін) 6 312,5 теңгені құрайды (63 125 * 10%);
- әлеуметтік аударымдар сомасы 1 989 теңге (56 812,5*3,5%);
Осылайша, жұмыскер бір айда 63 125 теңге табыс алған жағдайда міндетті әлеуметтік жарналары 6 312,5 теңгені, әлеуметтік аударымдар 1 989 теңгені құрайды.
---
11 ақпан 2019 ж. 1 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031