ЕРЕКШЕ АВТОКӨЛІКТЕР
Қаланы бір шолып, ерекше автокөліктерді кезіктірдік. Ең қызығы ретро көліктерге қызығушылық танытатындардың қатары көбейген. Мысалы, ГАЗ 21 "Волга" маркалы темір тұлпар 1969 жылы шыққан екен. 50 жыл бұрын іске қосылған "Волга" әлі де біраз шаруаны бітіруге жарамды. Айтпақшы көліктің егесі сатуға шығарыпты. Жарты ғасырлық ғұмыры бар көлікке 1 млн 200 мың теңгеге бағалапты. Волганың ішкі салоны да көз қызықтыратындай қалыпта. Волганы тізгіндеушілердің айтуынша, жанар жағармай көп қажет етеді екен. Сондықтан көліктің қожайыны астындағы тұлпарына газ орнатыпты.Бізді таңқалдырған көліктің бірі – ГАЗ 24011. 1962 шыққан көліктің сыртқы пішіні сол қалпында. Зауыттан жаңа шыққандай. Көбіне бұл көлікке 9 мамырда құда түсетіндер көп екен. Көлікті сатпайсыз ба, дегенімізде иесі: "Жоқ, ескі көз. Бұл көліктің қадірін өзгелер түсіне бермейді", деді.
Volkswagen Beetle маркалы естіп көрдіңіз бе? Volkswagenді біліуіңіз мүмкін Beetle-ңыз бізге де жат көрінді. Біздің келесі тұлпарымыз Beetle маркалы көлік. Бір қызығы, Volkswagen Beetle асты ең төмен көліктер тізбегінде. Сыртқы пішіні де шап -шағын. Көлікке әрі кеткенде 3 ақ адам жолаушы бола алады. Осындай типтес көлікті қаламыздан да байқадық.
Қайың түсті көлік түгілі заттың өзін табу қиын. Келесі көлігіміз 2002 жылы шыққан Toyota Camry автокөлігі. Ерекше түсті көзіміз шалғаннан кейін, тізімге қосуды жөн көрдік. Иесі көлікті Ресейден сатып алған. Қайың түстес автокөліктер елімізде саусақпен санаулы.
Жоғарыда аталған темір тұлпарларды шаһарды бір шолып тапқанымыз. Мұндай типтес көліктер қаламызда әлі де жетерлік. Сондықтан "Auto" бетінің келесі санында да ерекше тұлпарларды шығаруды жалғастырамыз. Көлігіңізді өзгелерден ерекше санасаңыз, редакцияға жолдауға мүмкіндігіңіз бар.
Бибарыс ТӨЛЕН

