» » Атышулы астаналық модель өзін біреудің тоқалы деп сынайтындарға жауап берді

Атышулы астаналық модель өзін біреудің тоқалы деп сынайтындарға жауап берді

  Атышулы сәнгер, жастар мәслихатының бұрынғы депутаты Динагүл Тасова өзін әлдекімнің тоқалы деп сынағандарға жауап берді. Бойжеткен қолдағы барына өз күшіммен жеттім деп сендірді.
Динагүлдің айтуынша, бүгінде ол әкесінен бөлек тұрады екен.
"Анам осыдан 7-8 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Әкем екінші рет үйленіп, сол әйелімен бірге тұрады. Сондықтан соңымнан ерген екі бауырыммен, оларды бағып-қағу менің мойнымда болды.Бастысы жоғары білімім бар, Павлодарда журналистика кафедрасын бітірдім. Содан бастап тек жұмыс істеумен болдым. Осы күнге дейін жеткен жетістігімнің барлығы тек өз еңбегім мен ерік-жігерімнің арқасы шығар. Пәтерге де жақында ғана қол жеткіздік. Енді міне соның ремонтын жасағалы жатырмын", - дейді ару.
Бұрынғы депутат "Ауқатты адамның қызы", "Біреудің тоқалы" деген сынды жиі еститінін де жасырмады. Алайда ол мұның бәрі қауесет әңгіме екенін алға тартты.
"Бәрі жалған әңгіме. Әкем ешқандай ауқатты адам емес, қазір зейнет жасындағы адам. Қарапайым отбасыдан шыққан жанмын. Ешкімнің тоқалы да емеспін. Мектеп кезімнен бастап қосымша табыс тауып, оқулықтарыма дейін өзім сатып алатынмын.Студент кезімде де бастапқыда ақылы бөлімге түсіп, кейін грантқа ауыстым. Сол кезде де жергілікті "Сарыарқа самалы" газетінде жұмыс істеп, ақша табатынмын. Сол сияқты "Хабар", "Қазақстан" арналарында журналист болып еңбек еткенмін. Ел қатарлы тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, жылдар бойы ақша жинаумен болды. Сөйтіп жақында ғана үй алдым. Сондықтан ондай әңгіменің бәрі қауесет. Қайталап айтамын, ешкімнің тоқалы емеспін, ондай жолға түспеймін де",-дейді Динагүл Тасова.

19 наурыз 2019 ж. 1 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031