» » Еркекті бағалай алдық па?

Еркекті бағалай алдық па?

Qoqam
    Ата-бабамыз жігітке сый-құрмет көрсетіп, алдынан кесе көлденең өтпеген еді. Анамыз да "әкең келеді" мен бізді тәрбиеледі. Сол түсінікпен беймезгіл уақытта үйден шықпауды, рұқсатсыз ештеңе жасамауды үйрендік. Жас болсын, жасымыш болсын еркек атаулыға құрмет көрсеттік. Ал қазір қалай өзі?
   Жақында бір оқиғаға тап болдым. Жездемнің өтініші бойынша, жұмыспен досының үйіне бардым. Ұрыс-керістің үстінен түстім. Қазақтың "ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды" деген сөзі есіме түсіп кетті. "Отбасылық мәселе болу керек" деген оймен сыртта күтуді жөн санадым. Байқаймын,  жанжал ұзаққа созылар түрі бар. Таң атқаннан, түс ауа отырған жерімнен тапжылмадым. Бірде мәселе шешілді ме, әйтеуір бәрі саябырсыды. Үйден күткен кісім шықты. Жұмысымды бітірдім ғой деп кете бергенімде: "Сіз әке махаббатын білесіз бе" деді. Тосыннан қойылған сұраққа аң-таңмын. Мәселе қайда жатыр деңіз...
Бас қалада тұратын Ерман есімді жігіт Қостанай облысының тумасы. Астанада жүргеніне биыл он бесінші жыл. Шаңырақ көтеріп, отбасылық өмірдің шапағатын сезіне бастаған. Раяна есімді сәбиі өмірге келеді. Арада екі жыл өткенде отбасында кикілжің шығып, келіншегі сәбиін құшақтап кете барады. Ай-сайын алимент төлейді, қызы демалыс күндері келіп тұрады. Ол бойжетті. Бірақ әкесін сыйлауды, құрметтеуді білмейді, қазақ тіліне шорқақ. Бұрынғы жары орыс жігітіне тұрмысқа шыққан. Осыдан болса керек, бойжеткен қазақтың салт-дәстүрі, шежіресінен бейхабар. "Кто ты такой" депті туған қызы әкесіне. Міне, өкпе, реніш, жанжал осыдан шықса керек-ті.
Қоғамда болып жақтан мәселенің бәрін жігіттен көреміз. Қыздың аяғы ауырлап қалса да, жас-жұбайлар айырылысып кетсе де жігіт кінәлі. Ал қыздың өз ойы, сана-сезімі жоқ па? Тәрбие қайда? "Қызды қырық үйден тыю" деген нақыл сөздің астарында көп мән болатын. Қыздың жеңгесі басы-қасында болып, бойжеткенге жауап беретін. Ал қазір жеңгенің өзіне жауап беретін бір адам керек...
Алаштың ардақтысы Ақселеу Сейдімбек: "Жеті жасар кезім. Көше бойлап келемін. Көшенің ана басында ақ жаулығы желбіреп бір ана тұр. Жақындағанда байқадым, жетпістің үстіне шыққан кейуана екен. Мені тосып тұрды. "Апа, өте берсеңізші" дегенімде, "Сен – еркексін ғой, қарағым. еркектің жолын әйел ешқашан кеспейді. Жолын кессе, еркектің жолы болмайды, бағы байланады дегені бар бұрынғылардың" деп алдымнан кесіп өтпеді. 7 жасар балаға 70-тегі ананың көрсеткен құрметі қай елде бар? Қандай даналық?!. Неткен керемет елміз?!." –  депті.
Ал бұл күнде әдейі келіп еркектің алдын кесіп өтетін әйел заты көбейді. Белгілі журналист Нұртөре Жүсіп "Жолы болмай жүрген жігіт көп. Езіліп жүрген еркек көп. Жолы кесілгеннен емес пе?" - деген ой тастады.
Әкем үйден шығып барады. Ол жұмысқа кетсін, қалаға кетсін... анам "қайда барасың" деп сұрамайды. Тек ақжол тілейді. Бүгінде күйеуі үйден бір адым аттаса, қайда болғанын білгісі келеді, одан қалды телефон арқылы қайда жүргенін сұрайды. Сенбейміз бе? Әлде сенгіміз келмей ме? Еркекті бағалай алдық па?
Мөлдір САБЫРЖАН
18 қазан 2018 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930