» » Жамбыл облысындағы пойыз апатына кінәлілерге сот үкімі шықты

Жамбыл облысындағы пойыз апатына кінәлілерге сот үкімі шықты

  2018 жылы Шу аудандық сотының шешімімен Жамбыл облысындағы пойыз апатына Шу жол дистанция басшысының орынбасары, екінші учаскенің басшысы мен орынбасары кінәлі деп танылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Судья Ержан Жаманқұловтың хабарлауынша, Шу жол дистанция басшысының орынбасары 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылса, 2-ші учаскенің басшысы мен орынбасары екі жыл жаза арқаған.
"Бұл үкім бойынша олардың кінәлары, тағылған айып бойынша өз дәлелін толық тапты. Себебі іс бойынша жинақталған айыптау тарапынан ұсынған дәлелдемелеріне сай айыптары дәлелін тапты", - деді ол.
Жаманқұлов сот процесінің 4 айға созылғанын жеткізді.
Осы аралықта 700 адамнан жауап алынып, 25 заңды және жеке тұлға жәбірленуші деп танылған.
Бірақ зардап шегушілердің тек екеуінің ғана өтініші қанағаттандырылыпты.
Судьяның сөзінше, пойыз апатынан қаза тапқан 12 жастағы жасөспірімнің туыстарына сотталушылар моральдық және материалдық шығын есебінде 3,5 миллион теңге береді.
Ал аяғын жарақаттаған екінші жәбірленушіге "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Сотталушылар сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Олар өздерін "кінәлі емеспіз" деп санайтынын айтты.
Сотталушылар апелляциялық шағым түсіретінін алға тартты.
Еске сала кетсек, өткен жылы 17 маусымда Астана-Алматы жолаушылар пойызы Шу ауданында апатқа ұшыраған болатын. Оқиға салдарынан 8 вагон жолдан шығып кетіп, 3 вагон аударылды.
Апаттан 12 жастағы жасөспірім қайтыс болып, 11 жолаушы жарақат алған.
28 наурыз 2019 ж. 1 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031