АЛМАТЫҒА ШЫҚҚАН ПОЙЫЗ АПАТ БОЛДЫ
Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының 3 вагоны аударылған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір тек алдын ала мәлімет бере аламын. Жолаушы пойызының вагондары рельстен шығып кеткен. Оқиға Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында болған. 8 вагон рельстен шығып кетіп, оның үшеуі аударылды. Зардап шеккендер туралы ақпараттар келіп жатыр. Пойыз Астанадан Алматыға бара жатқан. Біздің бөлімшелер қазір жолда», - деді Руслан Иманқұлов. Оның айтуынша, апатқа ұшыраған жолаушылар тасымалының №9 «Бәйтерек» пойызы. Аталмыш пойыздың жолаушылары жолай стансаға соққан пойызбен сапарларын