» » Екі мыңға жуық адам тал екті

Екі мыңға жуық адам тал екті

  Сейсенбі күні әрбір ұжым атсалысып, туған жердің жасыл желекке айналуына үлес қосты. Тұңғыш Президент саябағында 1800 адамның қатысуымен "Нұр-Сұлтан қаласы – болашақтың қаласы" атты ағаш отырғызу акциясы болды. Облыс әкімшілігінің ұйытқы болуымен өткізілген игі шараның мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, қаланы көгалдандыру және ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру.
Аймақ басшысы қатысқан шарада 700 терек, тал, үйеңкі – барлығы 2100 ағаш отырғызылды. Облыс әкімі өзі бастап тал екті. Әрі қарай акцияға қала жастары белсене араласты. Бірі күрек алса, енді бірі шелекпен су тасыды. Сыр өңірі тұрғындарының бір мезетте шараға белсеңе атсалысқаны бізді қуантты. Осылайша қоршаған ортаны көгалдандыруды мақсат еткен шара көпшілік тарапынан қолдау тапты. Тұңғыш елбасының "Егер әрбір қазақстандық бір-бір талдан отырғызса кемінде жылына 17 миллион тал отырғызылады. Егер біз елімізді көгертеміз десек, көркейтеміз десек шынында да ең бірінші тал отырғызылу керек" деген сөзін Сыр өңірі үнемі қолдап келеді.
Бір аңызда "Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көшетін отырғызып жатқанын көріп: «Уа, қария, сен енді қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре де алмасың белгілі, олай болса неге бейнеттеніп жатырсың?», - дейді. Сонда қария: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін», – деп жауап беріпті. Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді. Қарт: «Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің жемісін, міне, мен де көрдім», - депті. Бұл сөзге Һарун Рашид одан сайын риза болып, тағы да алтын береді. Сонда қария: «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс берді» деген екен. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді қазақ халқы.
Пікірлер
Бексұлтан ӨТКЕЛБАЕВ, "Жас Отан" жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының басшысы:
– Сыр жастары 2000-ға жуық адамның қатысуымен тал екті. Акцияның мақсаты Елорданың "Нұр-Сұлтан" болып өзгергенін қолдау. Қаладағы жастардың барлығы осында жиналып, қаланың көркеюіне үлес қосуда. Акцияға 500 жас қатысты, сондай-ақ жастар ұйымының барлығы қамтылды.
Қанат БОТЖАНОВ, облыстық "Жастар орталығы" КММ директорының орынбасары:
Бұл акцияға жастар белсене атсалысты. Өзіңізге белгілі, жастар қай шарада, қай істе болмасын белсенділік танытып, басы-қасында жүреді."Нұр-Сұлтан қаласы – болашақтың қаласы" акциясы арқылы біз соңғы өзгерістерге қолдау көрсетінімізді білдірдік. Елбасының қандай шешімі болса да қасынан табыламыз. Себебі 30 жыл сау-саламатта болып, бейбіт өмір сүрдік. Жақсылықты жақсылықпен қайтару  керегін де блеміз. Сондықтан Сыр өңірі жастары бұл істе белсенділік танытады деп ойлаймын.         
Мөлдір САБЫРЖАН
28 наурыз 2019 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031