» » ПАРОДИЯ ЖАСАП, СТУДЕНТ КЕЗІМДЕ КӨЛІК МІНДІМ

ПАРОДИЯ ЖАСАП, СТУДЕНТ КЕЗІМДЕ КӨЛІК МІНДІМ

   Әділ АХМЕТЖАНОВ, әнші, пародист:
  Əділ жайлы əңгіме əлеуметтік желіде желдей есті. Дегенмен аймақтан назар аударған бірі болмады. Мұндай жаңалықты жариялауға  "Ақмешіт жастары" алғаш болып араласатынын өзі де мойындады жəне газетке деген шексіз ризашылығын жүрек сөзімен жеткізді.  Сонымен Əділ деген кім, оның қандай артықшылығы бар  деген сауалды кеңінен ашуға біз кірістік.
– Әділ, бірнеше аспапқа пародия жасайсың, бойыңдағы бұл талантты қай кезде байқадың?
2007 жылыауылдан арман қуып, Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түстім. Актер болып, отандық киноиндустрияда қолтаңбамды қалдырсам деген арманым болды. Академияда ұзын дәліз болатын. Сөйлесең дауысың жаңғырып шығып, өзіңе тартымды болып естіледі. Бірде сол дәлізде тұрып, дыбыстан трубаның үніне ұқсас әуен пайда болды. Қайта-қайта шабыттанып, дыбыс шығарамын, өзіме де маңайымдағыларға да жағып барады. Содан трубаның дауысын айнытпай салатын болдым. Ең алғаш пародия осылай басталды. Осы  үнмен ең бірінші туындым "Музарт" тобының "Сен келерсің" әніне пародия жасадым. Үлкен курста оқитын жігіттер байқап, тойға шығуға ұсыныс тастады. Студент болған соң күн көрістің қамын ойлау керек. Құдайдың берген сыйы шығар деп табысты тойдан іздедік.  Бұл өнерімді халық жақсы бағалап, қошемет көрсетті. Осы пародия арқылы студент кезде көлік міндім.
– Бұл өнермен айналысқаныңа  10 жылға жуық уақыт болыпты. Бірақ бұрын соңды есіміңді естіген жоқпыз...
– Қазір әлеуметтік желі жақсы болды ғой. Шамалы ерекшелік байқатсаң лезде танымалдылыққа ие боласың. 10 жылға жуық жасап жүргенім жайына қалып, әп-сәтте 4 сағаттың ішінде "хит" болдық. Бір тойда пародия жасағаным whatsap арқылы таралып кетіпті.  Таңертең ұйқыдан оянсам 5 телеарна, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Ақтау сынды қалалардан тойға шақырту келе бастады. Түркия,  Германия секілді мемлекеттерден шақырту келіп жатыр. Бұйырса Мәскеу қаласында түсірілетін "Останкино" бағдарламасына қонақ боламыз. Негізінде бұл өнермен танымал болуды қалаған жоқпын. Өйткені қазіргі мамандығым вокалды әнші. Әнші болып немесе белгілі саясаткер болып танылуды көздегенмін.
– Трубадан бөлек қанша аспапқа пародия жасайсыз?
– Электро гитара, балалайка, қыл қобыз секілді аспаптарды да іске асыруға болады.
– Аспаптың дауысын салу үшін де көп энергия мен дыбыс жұмсалады. Бұл дыбыстар әншілік өнеріңізге кері әсерін тигізбейді ме?
– Иә, кейбір аспаптыкі кері әсерін тигізеді. Мысалы, қыл қобыз бен скрипка көмейдің байланысын нашарлатады. Сондықтан осы екі аспапты тізімнен шығарып тастадым.
– Сізді понограмма қолданбайтын әнші деп естідік. Бұл қаншалықты рас?
– Рас. Өнерде жүргеніме 10 жылдан аса уақыт болса да мүлде понаграммамен ән шырқап көргенім жоқ. Тойға шақырту алсақ жанды дауыспен өнерімізді халыққа ұсынамыз. Жалпы көбісі тойды "халтура" деп санайды ғой. Бізде керісінше. Концертке шығатындай дайындаламыз. Той басталар алдында мейрамханаға 2 сағат бұрын жиналып, дайындықты  пысықтаймыз. Тойға келген адам демалып қайтуы тиіс.
Әңгімелескен:
Ерасыл ШӘРІБЕК
28 наурыз 2019 ж. 710 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031