» » «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылатын «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын өткізеді.
Конкурс төрт номинациядан тұрады: 
1) «Үздік мақала»; 
2) «Үздік телебағдарлама»; 
3) «Үздік радиобағдарлама»; 
4) «Үздік сайт мақаласы».
Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін төрт номинацияның біреуі бойынша Басқармаға 2019 жылғы 24 мамырға дейін мынадай құжаттар тапсырылуы тиіс:
1) өтінім (қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) 2018 жылғы 11 маусым мен 2019 жылғы 20 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материал, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалалар;
4) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды. Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде үш адамнан: қазылар алқасының төрағасы және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы мүшелері конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы төрт номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай марапатталады. 
Жеңімпаз болып танылған талапкерлердің материалдары республикалық кезеңге қатысуға жолданатын болады.
120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1-құрылыс, «Облыстық мекемелер үйі», Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы, 339-кабинет, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсына» деген белгімен. 
Байланыс телефоны: 8 (7242) 60-53-15
Электронды пошта: kztilbas@mail.ru
28 наурыз 2019 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031