» » Ұстаздар арасында байқау өтеді

Ұстаздар арасында байқау өтеді

 «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы
Облыстық "Ақмешіт жастары" газетінің ұйымдастыруымен «Үздік жас мұғалім – 2018» байқауы өтеді.
Байқаудың мақсат-міндеттері:
1) Кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;
2) Білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау;
3) Мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау;
4) Мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқаудың шарттары:
Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
Байқау критерилері:
Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып, "Білім берудегі мен ойлап тапқан әдіс" тақырыбында 3-4 минуттық бейнеролигын ұсынады. Бейнероликті маусым айының 1-не дейін көрсетілген мекен-жайға жіберуі тиіс.
Байқаудың өту уақыты:
2018 жылдың мамыр-маусым аралығында өтеді.
Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы комиссиясы іріктеп қарайды. Сондай-ақ басылым сайтында "дауыс беру" арқылы анықталады. Іріктеуден ең үздік деп танылған ұстаздар редакцияның арнайы мадақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жұмыстарыңызды aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru электронды почтасына немесе Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4, "Сыр Медиа" мекемесінің 314 кабинетіне жолдаңыздар.
Байқаудың нәтижелері басылым сайтында жарық көреді.
Байқау ақысыз түрде өтеді.
Байланыс үшін:
8(7242) 40-06-71
8(7242) 70-10-69
8707612039
17 мамыр 2018 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930