» » Тұрмыс құру үшін тәуіптің көмегіне жүгінген елордалық ару опық жеп қалды

Тұрмыс құру үшін тәуіптің көмегіне жүгінген елордалық ару опық жеп қалды

  Нұр-Сұлтанда тұрмыс құруға асыққан 27 жастағы бойжеткен тәуіпке барамын деп, опық жеп қалған. Әр қабылдауына 10 мың теңге берген ару ақыр соңында айтқан болжамдарының ешқайсысы келмеді деп отыр. Жасы отызға тақаған арудың жан сырын KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.
Нұр-Сұлтанға осыдан он жыл бұрын көшіп келген бойжеткен туған жерім Атырау қаласы дейді. Жасы 25-тен асқаннан кейін тұрмыс құруға асыққан бойжеткен, тәуіп-балгерлерді жағалағанын алға тартты.
"Қыздың жасы 25-тен асқаннан кейін, осылай тәуіп-балгерлерді жағалауға мәжбүр болады екенсің. Ол кезде кездесіп жүрген жігітім болған. Бірақ ол үйленуге асықпай, бір жылдан астам уақыт бойы қыз бен жігіт ретінде жүріп жүрдік. Ата-анам Атыраудан болғандықтан, сол жақтың бір көріпкелі Астанаға келіп, қабылдау жүргізіп жатыр дегенді естідік.
Бір қабылдауы – 10 мың теңге болса да, айтқанының бәрі келеді деген соң бардық. Бар ойым сол кездегі жігітімнің маған деген ойын, болашақ жарым сол адам ба екенін білгім келді.
Бірақ тәуіп нақты сұраққа жауап берудің орнына, әр қабылдау сайын жолыңды ашып беремін, бір жолы су әкел, келесі де тұз әкел деп созбақтаумен болды. Сөйтіп жүргенде, сол кісіге барамын деп 100 мың теңгеге жуық ақша жұмсаппын. Ол кісі: "Осы жігітпен қосыласың, болашақтарың жарқын болады" деген. Бірақ айтқандарының ешқайсысы келмеді. Бұрынғы жігітім басқа қызға үйленіп, жолымыз екі айырылды", - дейді кейіпкер.
Бойжеткен сөз соңында бақсы-балгерлерге сенбеу керектігін айтты.
"Бәрінің көздейтіні адамдардан барынша көп ақша алу деп ойлаймын. Әрине барлығы бірдей ондай емес шығар, бірақ араларында тек ақшаны мақсат ететіндері де бар. Қыз-келіншектерге айтарым, көріпкелдердің бәріне бірдей сене беруге болмайды. Алланың дегені болады", - деп сөзін аяқтады келіншек.

29 наурыз 2019 ж. 1 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031