» » Көшпенді халықтың соңғы буыны

Көшпенді халықтың соңғы буыны

  Өз шығармаларына бүтін бір елдің тағдырын арқау еткен көрнекті қаламгердің бірі – Жанат Ахмади. Қаламгердің «Дүрбелең», «Шырғалаң», «Жүрек қартайса ажал аңду салады»,  «Зар-зарауха», «Өмір өткелі», «Есенгелді би», «Айтұмар», «Тектілер тұғыры» кітаптары оқырман қауымға жақсы таныс. Замандастары көшпенді халықтың соңғы буыны деп баға берген Жанат Ахмадидің шығармаларында кездесетін қанатты сөздерді топтастырып, оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Ақсақалдың назасына қалма – сақалының ағы ұрады. Хан иенің жазасына қалма – өзі ұрмаса да астындағы тағы ұрады;
Қарауға күнің түспесін – қыл бермес шылбыр есуге, жаманға ісің түспесін – жаныңды сұрар кешуге;
Жаугершілік болса арулаған өлігің табытта, аялаған ауылың шабыста қалады;
Кәрі түйе – тайғақ, белінен күш, табанынан мөр кеткен, кәрі кісі – жалтақ, көзінен нұр, көкірегінен ой кеткен;
Дария буланбай далаға шық түспейді, шық түспей тұрып шөп буыны іспейді, шөп буыны іспей, шыбышқа шыр бітпейді;
 Шөбі жоқ деп жерден түңілме, тамыры бар, малы жоқ деп ерден түңілме, тағдыры бар;
Бақсыға сырқау сылтаумен қоң бітеді;
Жеңге қойған еттің ішінде желке жүреді;
Орайы келген оралып, қолайы келіп құралады;
Сұлуды мақтай берсең есіне сенбей, түсіне сенеді;
Ақылдас ердің әдебі жұғады;
Еріншек адам – шегіншек;
Бүлгінші мен білгінші дос болмас;
Қорқақ қарақшы жарақ таңдайды;
Әр қиынның өз оңайы бар;
Даңғой әйелге шашу шашқызсаң, жұрттың көзіне ақ түсіреді;
Адамнан ағат өтпей, Алладан азап жетпейді;
Есерге бақ қонса, қолға қонған жыл құсын жын құсы ғып ұшырады;
Екі суайт бірін-бірі иландыра алмайды;
Тал шағында имесең, таяқ шағында иілмес;
Құдай жүгіртпеген сиырды бұзау жүгіртеді;
Сақ ит көріп үреді, сабалақ ит еріп үреді;
Есек көпір үстінде қитығады;
   Жинаған Серікхан ЖҮЗЕЕВ,
    ҚМУ-дың PhD докторанты
01 сәуір 2019 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031