Жүкті кезінде зілтемір көтерген әйел жұртты шошытты
Жүктілік кезінде көп қимылдап, түрлі жаттығулар жасап, спортпен айналысқан пайдалы деп жатады. Мұны онсыз да таңнан кешке дейін тірліктен босамайтын қазақ келіндері жақсы біледі. Алайда екіқабат кезде болашақ анаға ауыр зат көтеруге болмайтыны баршаға белгілі. Ендеше затты былай қойғанда, жүкті әйелдің салмағы 100 келіден асатын зілтемір көтергенін қалай түсінуге болады?
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Иә, сіз жаңылыс естіген жоқсыз! Желіде спорт залында түрлі жаттығулар жасап, ақыр аяғында зілтемір көтерген жүкті әйелдің видеосы пайда болды. Оны көрген желі оқырмандары шошығандарын айтып, ананың құрсағындағы сәбиіне алаңдаушылық білдірді.
“Ана күшенгеннен, баласы іште қатып қалған шығар”, “Ұзаққа бармайды”, “Масқара”, “Сұмдық”, “Ана емес қой бұл”, “Құдай сақтасын, баланы аяп кеттім ғой”, “Әрине, зиян”, “Ақылынан алжасқан шығар, көп қимылдау керек, бірақ мынадай ауыр көтеріп емес, баласының миына қан құйылған шығар”, – деп жазды желідегілер.
Ендігі бір топ оқырмандары ананың денсаулығы мүмкіндік берсе, зілтемір көтеруге болатынын айтып жатыр.