Біздің сынып

  Менің атым – Аружан. Қызылорда қаласындағы №212 мектеп-гимназияның 2 «А» сыныбының оқушысымын. Мақаламды мектебіме және сүйікті сыныбыма арнаймын.
Біздің мектеп-гимназия қаладағы ең керемет мектеп десем артық айтпаған болар едім. Алғаш табалдырығын аттаған кезімде қырық жылдай ұстаздық еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты мұғалім, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Бақыткүл апай Омарова күлімдеп қарсы алды. Мұғалімнің әр сөзін көңілімізге тоқып, сыныптастарым – Мұстафа Серікбай, Дінмұхаммед Болат, Дінмұхаммед Арыстанұлы, Әйгерім Бауыржанқызы, Назерке Айтбай, Әбдірахым Сарсенбай, Нұрахмет Қыдырәлі, Ислам Жолдасбек, Інжу Асанова және мен бәріміз сабағымызды үздік оқып жүрміз. Сабақты өте жақсы оқумен қатар біз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласамыз. Мектебімізге биыл 50 жыл толды. Соған орай сыныптар арасында көптеген іс-шара өткізілуде. Атап айтсақ, «Жырлаймын сені, мектебім» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысында, «Биле, биле» байқауында біздің сынып белсенді атсалысып, жүлделі орындарды жеңіп алдық. Мұнымен қоса ән айту жарысында да олжалы болдық. Біздің сынып өте ұйымшыл. Мен сыныбыммен – мектебіммен мақтанамын, осында оқып жатқаныма қуанамын.

 Аружан ТҰРҒЫНБАЕВА,
                                                                           №212 мектеп-гимназияның
   2 сынып оқушысы
02 сәуір 2019 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930