АНАҒА АРНАУ

Мөлдір бұлақ
Ана десе жыр келеді көңілге,
Қуанышпен, нұр беретін өмірге.
Ең ардақты, аяулы, әсем ананы
Әрбір перзент шығарсыншы төріне.
Ана деген – бұл өмірдің жұмағы,
Жүрегімде жылулығың тұрады.
Аман болып, әрқашанда аналар
Үзілмесін бақытты күн жыр-әні.
МЕКТЕБІМ
Мектеп жайлы ойланамын кейде мен,
Мектеп десе бір ерекше күйге енем.
Бала күннің ең бақытты айнасы,
Ұстаз бенен мектебім деп білер ем.
Білім берген, бойға жиып ақылды,
Мектебім ғой шығаратын даңқымды.
Ұстаз ана үйретеді жақсыны
Қызмет етіп, сыйлау үшін халқымды.
Үйретеді ұстаз асқақ арманды,
Биіктерге қолды созып  самғауды
Еңбегіне алғыс айтқың келсе егер,
Азамат бол, елің үшін таңдаулы.
Стамқұл НАЗЕРКЕ,
№112 орта мектептің 10-сынып оқушысы.
28 желтоқсан 2017 ж. 2 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031