» » Ақбота Сейтмағамбет өзіне дуа жасалғанын жайып салды

Ақбота Сейтмағамбет өзіне дуа жасалғанын жайып салды

  Осыдан бірнеше жыл бұрын отбасылы болған актермен шаңырақ көтерген Ақбота Сейтмағамбет өзіне белгісіз біреудің дуа жасағанын айтып берді. Бұл туралы "7" арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Актриса Дәурен Айдарқұловтың басын айналдырып алды дейтіндерге де жауап бере кеткен.
"Басын айналдыратындай ол жас жігіт емес. Ондай көңілге тиетін нәрселерді көп айтады. Егер ер азамат өзі сүйіп тұрса, дуаның керегі жоқ деп ойлаймын. Ондай айналысатын адамдарды түсінбеймін де."Мен біраз уақыт бойы ол кісіге "Аға" деп жүрген болатынмын. 2016 жылы кастингке барғанда таныстық. Ал біздің некемізді қиған уақытымыз қыркүйек айы. Ол уақытқа дейін мен ол кісімен сөйлесіп жүрдім. Киноға апарып, өзінің көңілін білдіріп... Бірге жүре-жүре сезім, махаббат пайда болып, отбасы болып кеттік.
Әнші тіл мен көзге, дуаға сенетінін жасырмады. Тіпті молдаларға барып, дем салдырып тұрады екен.
"Осы уақытқа дейін молдаларға барып дем салдырғанмын. Өйткені, халықтың алдында жүргендіктен сөз тиеді, көз тиеді. Тіл тиеді. Жүктілік кезімде қатты, көп ауырдым. Біраз жайттарды ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ дем салдырдым. Дуа жасалғанын да маған ескертіп айтты", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

03 сәуір 2019 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031