» » Полиция департаменті халыққа есеп берді

Полиция департаменті халыққа есеп берді

  "Достық үйінде" Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитов халыққа есеп берді. Жиынға үкіметтік емес ұйым өкілдері,  ардагерлер Кеңесі, облыс және қала тұрғындары қатысты.    
Есептік кездесу облыс аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын-алу, жолын кесу, олардың ізін суытпай ашуға үлес қосқан бірнеше азаматтарды марапаттаудан басталды. Марапат биігінен көрінгендер арасында Қазалы ауданы Өркендеу ауылының тұрғыны Мейрамбек Әлімбаев бар. Ол бір үйдің үш баласын өрттен құтқарған.
Облыста атқарылған жұмыстар нәтижесінде қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеген. Бұл туралы өз баяндамасында Қайрат Болатұлы мәлімдеді. «Қауіпсіз аула» тәжірибесі негізінде көп қабатты үйлердің аулаларына, подъездеріне  бейнекамералар,  кодты құлыптар мен домофондар орнату туралы ұсыныс беріліп, тұрғындардың өз қаражаты есебінен бірқатар көп қабатты үйлер жөндеуден өтті. Мысалы, қаладағы Панфилов көшесі 23 үй мен Бектұрғанов көшесі 15 үйдің ауласына бейнебақылау камералары, подъездерге домофондар, кодты құлыптар орнатылды. Нәтижесінде осы аулаларда жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны 10,4 пайызға азайды. Сандық технологияларды дамыту аясында полиция қызметіне «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергелуде. Есепті мерзімде электронды форматта 500-ден аса қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізілді", – деді Қ.Мұхитов. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Болатұлы  халықтың арыз-шағымын тыңдады және барлық істе өзі жүріп, нәтижесін жариялауға уәде етті.
Мөлдір САБЫРЖАН
03 сәуір 2019 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031