» » » ТЕРГЕУ СОТЫ – АЗАМАТТАРДЫ ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ

ТЕРГЕУ СОТЫ – АЗАМАТТАРДЫ ҚОРҒАУ КЕПІЛДІГІ

 Марат Тұрғанбаев, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы:

 – Жақында тергеу соты ашылды. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз. Соттың ашылу мақсаты, атқарар міндетіне тоқталсаңыз?
   – Тергеу сотын құру туралы Елбасының  2018 жылғы 10 қаңтардағы №620 Жарлығы шыққан. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты 2018 жылғы 31 шілдесінде  өз қызметін бастады. Сотта екі судья, алты маман қызмет атқаруда. Елбасы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын белгілеп берді.«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 22-қадамында адамның және азаматтардың Конституциялық құқық шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету міндеттелген. Нақты,  тергеу сотының құрылудағы мақсаты – азаматтарға Констиутциямен кепілдік берілген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерінің заңдылығын қадағалау.
   – Тергеу судьясы өкілеттілігінің  шеңберін айтып берсеңіз?
   Тергеу судьясының өкілеттіктері  ҚР ҚПК-нің 55-бабында айқындалған, күзетпен ұстауды, үйқамақты, лауазымынан уақытша шеттетуді,  жақындауға тыйым салуды санкциялау, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру, мәйітті эксгумациялау, күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселесін қарайды.
  – Тергеу сотының тиімділігі неде?
        – Тергеу судьясы әсіресе, қорғау тарапының мүмкіншілігін молайтқанын адвокаттар айтуда. Мысалы, бұрын олар қажетті құжаттарын мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан ала алмай, әуре-сарсаңға түссе, қазіргі күні мұндай қиындықтан құтылуда. Олар керекті мәліметтерін сот арқылы сұрата алады. Сонымен қатар   қорғаушылар тергеу кезінде тергеуші немесе прокурордың іс-әрекетіне шағымданып, кез келген қарсылығын білдіруге құқылы. Тергеу судьясы шағымды тез арада қарап, шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатыларына сот қадағалауының енуі.  Біріншіден, қаралып жатқан істердің ашықтығын  дәлелдесе, екіншіден,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді. Жаңа институттың құндылығы да осында.
    – ҚПК-тің 201-бабына сай, сотқа дейінгі тергеп тексеру  әрекеттерін жария етуге тыйым  салынады. Заңнамаға сәйкес шағымданушы құқықтық тұрғыда қысым жасаудан  қорғалған ба?
       – Бұл мәселені   заң шығарушы орган  назардан тыс қалдырмаған.  ҚПК-тің 29-бабы бойынша, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар  жабық сот отырысында қаралды.
 – Бұлтартпау шарасын санкциялау сағаттармен есептеледі және мереке, демалыс күндеріне сәйкес келіп қалуы мүмкін. Бұндай жағдайда соттың жұмысын ұйымдастыру мәселесі қалай реттеледі?
    – Бұл мәселеде әзірге аздаған қиындық бар. Түйткілді мәселені шешу жолдары қазіргі таңда  жауапты мемлекеттік органдардың басшыларымен зерделенуде.
    – Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау бағытында  тергеу сотының жұмысына тоқталсаңыз...
       – Тергеу сотымен жасырын тергеу әрекетінің заңдылығы  тексеріліп құқықтық тұрғыда әділ бағасы берілуде. Бұған дәлел жасырын тергеу әрекетінің барлығына санкция берілмей кейбірі қанағаттандырудан бас тартылуда.  Мұнымен қоса, тергеу соты қылмыстық қудалау органының жетегінде кетпей сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттерінің заңдылығын жіті тексеріп, процестік заң нормалары сақталмағаны анықталған жағдайда қанағаттандырудан бас тартып, жауапты тұлғаларға қатысты заң бұзушылықты жою жөнінде жекеше қаулылар қабылдайды.
    –  Сот жүйесінің беделі судьяларға байланысты. Сот төрелігін жүргізетін тергеу судьясына қойылар талап қандай?
     – Судья – халық қызметшісі, заң қорғаны, әлеуметтік тендіктің кепілі. Судьяның әділ төрелігі ғана емес, оның адамгершілік бітім-болмысы да жұрт көңілінен шығуы керек. Судья – ақ-қараны айыра алатын, әділдікті, шындықты көре білетін, шыншыл адам. Қай қоғамда болмасын судья болу – мәртебелі міндет. Судья ең алдымен әділдік пен турашылдықтың жаршысы болуы керек. Бұл ретте тергеу судьясының арқалар жүгі тіпті ауыр. Елбасымыздың білдірген зор сенімін ақтауға барлық күш жігерімізді, қажыр қайратымызды жұмсайтын боламыз.
     – Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан: Мөлдір САБЫРЖАН
30 тамыз 2018 ж. 2 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031