» » «Түлектер кубогы» табысталды

«Түлектер кубогы» табысталды

  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да «Түлектер кубогы» КВН фестивалі өтті.
Фестивальге іргелі оқу орнында 2000-шы жылдан бастап білім алған түлектерден құралған 7 команда өнер көрсетті. Атап айтсақ, «WEST» жігіттері, «ҚМУ» құрамасы, «Қорқыт» жастары, «Қорқыт» құрамасы, «Қазақтың қазағы», «Қорқыт қырандары», «Час-пик» командалары.
Аталған топтардың ішінде ұтымды әзілдерімен халықтың ықыласына ие болып, бас жүлдені «Түлектер кубогы» Час-Пик командасы иеленді. Ал үздік ойынша номинациясына лайықты деп «Қазақтың қазағы» тобының ойыншысы Руслан Құрманов танылды. Айта кетейік, жеңімпаз топ университет сахнасында он жыл бұрын өнер көрсеткен. Тартысқа толы әзіл кеші көрермендер көңілінен шықты. Әрбір командаға деген көрермен ықыласы ерекше болды.
05 сәуір 2019 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930