Жұмыссыз жастар азайып келеді

Жастар ресурстық орталығының «Жастарды жұмыспен қамту бөлімі» тарапынан есепті кезеңде шаралар бойынша – 167,бос жұмыс орын жармеңкесі-10, экскурсия-13, өмірге қажетті дағдыларға бейімдеу – 2, «Free English club» жобасында ағылшын курсын 56 жас оқып, оларға beginner, elementary және pre-intermadite деңгейлері бойынша 560 сағаттық 280 сабақ берілді. Қамтылған жастар саны 5489 құрайды, аталған бағытта 68 жас кеңес алды.
Нәтижесі бойынша – 97 жас жұмыспен қамтылып, қосымша жас құрылыс жасағы арқылы студент және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 326 жас құрылыс нысандарына жұмысқа жіберілді.
Сонымен қатар, жазғы маусымда «Жасыл Ел» жобасы аясында 1035 жас көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тартылды.