» » Интеллект көліктер

Интеллект көліктер

  Биыл CES 2019 көрмесінде қызықты технологияларды ұсынған автокөлік шығарушылары болды. Автокөліктер қозғалыс құралы екені белгілі. Ал пилотсыз авто – мүлдем өзгеше тақырып. Осы тұста жаңа тәжірибелер сыналған. Көптеген компаниялар автокөлікті автоматты түрде басқару технологиясын қолдануға тырысуда. Сонымен қатар көлікке жасанды интеллект орнатуда барлығы барын салған. Бұл компания мен оның маркасына әлемде кең танымалдылық алып келді. Міне, мұның барлығы CES 2019-да таныстырылды.
Toyota Concept-i
CES 2019-да Toyota компаниясы Concept-i түрінде келешек автокөліктеріне қатысты арманын көрсетті. Оның ең негізгі әрі ұтымды тұсы – автокөліктегі Yui жасанды интеллекті. Мұндай көліктің негізгі мақсаты – қозғалыс процесін жеңілдету. Қарапайым көлікте темір тұлпардың басқышын басып, жолдан көз алмасаңыз болғаны. Алайда Toyota компаниясының болашаққа көзқарасы өзгеше. Автокөлікке орнатылған Yui жасанды интеллекті жүргізушімен дауыс және түсті хабарламалар арқылы байланыса алады. Әрине, Concept-i дербес жүру мүмкіндігіне де ие. Десе де автокөліктің басты мақсаты – жүргізушіні қолдау. Жасанды интеллект адамның көңіл-күйін сезе алады. Егер ол жүргізушінің әлсіздігін байқаса, байланысқа түседі немесе жүргізушіге тынығу керектігін жеткізеді.
Divergent Blade
Divergent 3D тобы алдағы 10-15 жылды өзгеше көреді. Олардың туындысы Divergent Blade суперкар болып табылады. Ол небары 2,5 секундта 100 км/сағ жылдамдықпен жүре алады. Бұл автокөлік газ немесе жанармаймен жүреді. Бірақ электрокөліктерге қарағанда анағұрлым экологиялық таза көлік саналады. Себебі Blade конвейерде жинастырылған электрокөлікпен салыстырғанда экологияға зияны 65%-ға төмен. Сонымен қатар, Divergent Blade-нің салмағы 630 килограмды құрайды. Ал қозғалтқышының күштілігі 700 ат күшіне тең болады.
Пилотсыз авто
CES 2019-да таныстырылған көліктердің басым бөлігінің негізгі идеясы – көліктің өзімен өзі жүруі. Honda компаниясының пилотсыз автоға деген көзқарасы ерекше. Оның ұсынған NeuV көлігі – екі адамға есептелген және компания пікірі бойынша ол мінсіз автокөлік. Яғни, жүргізушісіз такси. Hondа өздігінен қозғалатын орындықтарды да көрсетті.
Электрокөліктер
CES 2019-дағы көліктердің екінші қатардағы тренді – электрокарлар. Tesla өзінің пайда болуымен әлемді өзгертіп, электрокөліктердің шындыққа айнала алатынына көз жеткізді. Сондықтан ендігі ірі өндірушілер өзіндік электрокөліктер құрастыруға белсене кіріскен. Мысалы, Mercedes көрмеге EQ жол талғамайтын көлігінің концептісін алып келген. Компанияның сөзінше, бұл көлік сериялы өндіріске дайын және биыл сатылымда пайда болады. Автокөліктің күш қондырғысы мен аккумуляторлары бір зарядпен 500 километрді еңсеруіне мүмкіндік береді.
Faraday Future FF91
Барлығы автопилот және ақылды көмекші қызметі орнатылған электрокарлар жасауға кіріскенде Лос-Анджелестік Faraday Future компаниясы өнімдерінің шындыққа жақын нұсқасын таңдаған. Олар бұл жылы FF91 сериялы автокөлігін таныстырды. Ол бір зарядпен 608 км қашықтықты бағындыра алады. Сонымен қатар қуаттандыратын станциялардың кез-келген түрінен қуаттанады. Faraday Future FF91 автокөлігінің жиынтық күштілігі – 1050 ат күшіне тең. Бұл автокөлік 2,39 секундта жүздеген жылдамдықта жүре алады. Өндірушілер автокөліктің нақты құнын айтпады.
Аударған Ақтілек БІТІМБАЙ
14 сәуір 2019 ж. 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031