» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕР ТОП ЖАРДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕР ТОП ЖАРДЫ

  Елдің таңдаулы журналистері өткен аптада Түркістанда бас қосып, доп додасынының шырайын келтірді. Рухани астанадағы жарыс «Жаңарған Түркістан» тақырыбымен ұйымдастырылды.
Тартысты өткен дүбірлі турнир аясында қаламгерлер Түркістан облысының киелі орындарын аралап, бабалар басына тәу етті. Оңтүстік мекенде тұңғыш рет ұйымдастырылған додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, СҚО және Түркістан облысынан 13 команда бақ сынады. «Астана» спорт кешенінде өткен жарыс тартысқа толы болды. Жан беріп, жан алысқан  ойындар нәтижесінде, жартылай финалға "Алматы" құрамасы, "Taraz-Press" (Жамбыл), «Хабар» (Нұр-Сұлтан) және «Сығанақ» (Қызылорда облысы) командалары шықты. Жартылай сынның екі кездесуі де тең аяқталып, жеңімпаздар тек ойын соңындағы пенальти сериясы арқылы анықталды. «Сығанақ» командасы алматылықтарды қапы қалдырса, жамбылдықтар «Хабардан» басым түсті. Үшінші орын үшін болған бәсекеде Жанарбек Әшімжан бастаған Алматының жігіттері «Хабар» агенттігінің осал тұсын тапты. Финалда «Сығанақ» пен Taraz-Press кездесті. Бұл матчта негізгі уақыт тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальтиде бағы басым түскен «Сығанақ» командасы «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. Оза шапқан «Сығанақ» (Қызылорда облысы) командасы 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екінші орынды жеңіп алған Taraz-Press – 300 мың, ал қола жүлдегер атанған Алматы құрамасы 150 мың теңгеге ие болды. Турнирдің «Үздік ойыншысы» сыйлығымен белгілі спорт журналисі, "Алматы" құрамасының қорғаушысы Жандос Айтбайұлы марапатталса, «Хабар» агенттігінің капитаны Нұрсұлтан Құрман үздік шабуылшы деп танылды. Жастармен тең дәрежеде ойнап, шеберлігін паш еткен Шоқан Маханов (Алматы) үздік қақпашы атанса, турнирдің «Үздік қорғаушысы» сыйлығымен Алматы облысынан келген Рүстем Қанапиянов марапатталды. «Жаңарған Түркістан» додасында ардагер ойыншы атанған «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинге (БҚО) Октябрь Жарылғапов атындағы сыйлық тапсырылды. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы сыйлыққа «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Ербақыт Амантай (СҚО) лайық деп танылды. Көрермен көзайымына айнала білген «Қазақ спорты» газетінің журналисі Бек Төлеуге Бекзат Саттарханов атындағы арнайы жүлде тапсырылды.
Бибарыс ҒАЛЫМҰЛЫ
14 сәуір 2019 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031