» » Артур Төлепов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

Артур Төлепов әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды

  Артур Төлепов бір ай бұрын босанған әйелі мен тұнғышын перзентханадан шығарып алды. Уақытынан бұрын туылған актердің ұлы мен жары біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өміріндегі аса ерекше әрі бақытты сәтімен Артұр ТөлеповInstagram желісінде бөліскен. Бір ай бойы бұл күнді аңсаған шоу-бизнес жұлдызының қуанышында шек жоқ.
Отандық актердің сүйіктісі мен ұлын перзентханадан шығарып алуға оның ең жақын адамдары мен достары да келген. Олардың арасында бірқатар танымал адамдар да бар. Бақыттан басы айналып жүрген Артурды жеке құттықтап, өз жылы лебізін білдіруге Аян Өтепберген, Айбек Серікханов, Ғазрет Қажымұқанұлы мен Хамидуллаев Ерік сынды жұлдызды достары жиылған.
Желі оқырмандары отандық актерге өзінің ақ тілегін жаудырған.
"Бақытты болыңыз. Қандай тамаша сәт" , "Перзентханаға жыл сайын келуге жазсын" , "Әйеліңіз бен батырыңыз енді қасыңызда. Үлкен азамат болсын" , "Сіз үшін қуаныштымыз. Ұлыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз" , - деп жазуда көпшілік.
14 сәуір 2019 ж. 1 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031