» » Трактордан құралған ерекше той кортежі жұртты таңғалдырды (видео)

Трактордан құралған ерекше той кортежі жұртты таңғалдырды (видео)

  Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында көпшіліктің назарын аударған ерекше той серуені болып өтті. Жас жұбайлар той кортежі үшін қымбат көліктің орнына ауылдағы тракторды жалдаған хабарлайды ERNUR.KZ.
Төрткүл аулының жастары Дархан мен Марал өткен жылдың соңында отау құрған.
Отағасы Дархан биыл тойларын ерекше өткізуді ойлап, той кортежінде трактормен жүру туралы достарымен және ауылдастарымен ақылдасыпты.
Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты.
Ал күйеу жігіттің идеясын ауылдағы барша тракторшылар қолдап, үлестерін қосқан. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған екен.
16 сәуір 2019 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728