"Бозторғай": іріктеу кезеңі

Атап айтар болсақ, аспапты ансамбльдер жанры бойынша Шиелі аудандық әуез мектебінің ұлт-аспаптар ансамблі, аспапты жеке орындаушылар жанрында Ақниет Бөлеген (11-13 жас), Дильназ Әлімбаева (14-17 жас), вокал жанрында Мадияр Серік (10 жасқа дейін), Нұрбек Әмірбекұлы (11-13 жас), халықтық орындау жанрында Назым Изатуллаева (10 жасқа дейін), Шұғыла Мархаба (11-13 жас), Аяжан Шынберген (14-17), көркемсөз оқу жанры бойынша Ақнұр Ақмалиева, Нұрасыл Әділбек (11-13 жас), Ақсұңқар Айдын (14-17) жеңімпаз деп танылды.
Мөлдір ӘШІМОВА, ата-ана:
"Ұлым Ернар Мақсатұлы көркемсөз оқу жанрынан ІІІ орынды иеленді. Өнерге бет бұрғанына біршама уақыт болды. Жетістіктері де аз емес. "Бозторғай" балалар конкурсында ұлымның жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Биіктерден көріне беруіне тілектеспін.
Бас жүлде алған жеңімпаздар мамыр айында Алматы қаласында өтетін халықаралық "Бозторғай" конкурсына жолдама алды.
Мөлдір САБЫРЖАН