» » Қызылорданың полимер өнімдері ЕАЭО нарығына шығады

Қызылорданың полимер өнімдері ЕАЭО нарығына шығады

«Қазақстанның үздік тауары» өндірістік байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған қызылордалық полимер өнімдерін шығаратын цех экспорттық бағытқа бет бұрды.
Жылына 9 жарым миллион дана полипропилен қапшық тігетін өндіріс ошағы бүгінде отандық 30 кәсіпорыннан тапсырыс қабылдап отыр. Еуразиялық экономикалық одақ аясында декларациялық сертификатқа қол жеткізген кәсіпкерлік нысан енді өнімдерін көрші мемлекеттерге саудаламақ. Озық үлгідегі технология бойынша Павлодардан тасымалданған шикізатты өңдеумен мұнда 50 шақты жұмысшы айналысады. Олардың 10-ы жазасын өтеп жүрген азаматтар. Экспорттық арна ашылса, сұранысқа сай жұмысқа тартылатын сотталғандардың қатарын көбейтіп, жаза басқандардың түзелуіне жан-жақты жағдай жасалмақ. "Қазіргі таңда 2 ай көрсеткіші бойынша сотталғандар 4 млн теңгеге жақын жалақы алды. Оның 50%-ы атқару парақтарына ұсталып, жәбірленушілер мен мемлекет пайдасына аударылып отыр. Ең төменгі жалақы – 42500теңге", – дейді ҚАЖД басшысының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров.
Әйгерім ӘБДІРАХМАН
19 сәуір 2019 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031