» » КАРАТЭШІЛЕР КӘРІ ҚҰРЛЫҚТА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР КӘРІ ҚҰРЛЫҚТА ДАЙЫНДЫҒЫН БАСТАДЫ

  Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады. Аталған оқу-жаттығу жиыны «К-1 Premier League Rabat open» рейтингілік турнирінің қарсаңында өтуде. Аталған Премьер Лига турнирі олимпиадалық рейтингте 100 пайыз ұпай жинауға мүмкіндік береді. Бірлескен-оқу жаттығу жиынына Қазақстан атынан 10 спортшы қатысуда. Олар: Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Сабина Захарова (55 келі), Гузалия Гафурова (-68 келі), Софья Берульцева (+68 келі);
Дархан Асаділов (60 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі), Дидар Әмірәлі (-67 келі), Ермек Айназарова (75 келі), Игорь Чехмарев, Данияр Юлдашев (84 келі).
«К-1 Premier League Rabat open» турнирі 17-22 сәуір аралығында өтеді. Ал жаттығу жиындары 17 сәуірге дейін жалғасады.
Айбек Жақсылық
15 сәуір 2019 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031