РАХАТ

  «Рахат» АҚ – 75 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен алғаш рет 1942 жылы шығарылды. Бүгінде «Рахат» АҚ-да 4500-ге жуық адам еңбек етеді, Алматы және Шымкент қалаларында екі өндіріс орны шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао дәндерін қайта өңдейтін жеке желінің болуы, отандық өндірушілермен салыстырғанда, кәсіпорында кондитерлік өнімдердің алуан түрін шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда «Рахат» АҚ-ның өнім қоржыны 14 топқа бөлінетін, 400-ден аса кондитерлік өнімдермен толыққан. Рахат – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетіндер үшін арнайы өнім шығаратын еліміздегі жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Бұл топқа құнары аз, қанттың орнын табиғи шикізат толтыратын шоколад, кәмпит, печенье мен вафли сияқты бірнеше өнім түрлері кіреді. 2013 жылдан бастап кәсіпорынға сапа менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификаттау өткізілді. 2016 жылдан бастап «Рахат» АҚ «Халал» талаптарына сәйкес өнімдер шығару құқығына ие болды. Компания өнімдері отандық нарықпен қоса жақын және алыс шет елдерге де белгілі. «Рахат» АҚ ішкі нарықта өз өнімдерінің жоғарғы деңгейдегі қолжетімділігі саясатын жүзеге асыруда. Еліміздің 14 облыс орталығымен қоса 18 қаласында компанияның өнім өткізу жүйелері болғандықтан, «Рахат» АҚ сату географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Қазіргі кезде «Рахат» АҚ өнімдері Қазақстан нарығында ғана емес, Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей елдерінде сатылады. Келешекте ТМД-ның өзге республикалары мен алыс шет мемлекеттер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне қызығушылықтың артуына байланысты компания өнім шығаруды арттырып, экспорт көлемін ұлғайту арқылы өткізу нарығын кеңейтуді көздеп отыр.
2013 жылы Оңтүстік Кореяның «LOTTE Confectionery» кондитерлік компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі пакетін иеленді. 2019 жылы «LOTTE Confectionery» «Рахат» АҚ-ының қолданыстағы акцияларын сатып алып, өз үлесін 95,5656%-ға дейін арттырды.
Лунара Орынбай
23 сәуір 2019 ж. 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031