ÜLKER

  Ülker компаниясының тарихы бала кезінде инженер болуды қалап, бірақ тағдыры таңдауын өзгерткен Сабри Улкердің атымен тікелей байланысты. Ол 1920 жылы Қырымда дүниеге келген. Сабри 1929 жылы отбасымен бірге Стамбулға көшіп келеді. Мектептегі демалыс уақытында Сабри ағасы Әсіммен бірге күлше жасайтын фабрикада жұмыс істейді. Ол жастайынан инженер болуды армандайды, бірақ өмірі ол үшін күтпеген шешім қабылдап қойған еді. Улкер Сұлтан Ахмет атындағы экономика мен сауданың жоғары мектебіне түскен кезде екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді. Осындай қиын-қыстау кезеңде ол біраз жылдан бері тәтті жемеген балалар үшін кондитерлік өнімдер жасаумен айналыса бастайды. 1944 жылы Сабри  күлше пісіруге арналған шағын шеберхана сатып алады. Мұнда ол ағасы және үш қызметкерімен төрт жыл бойы жұмыс істейді. Кәсібі сәтті жүріп, Улкер 1948 жылы Таккеджи мешітінің жанынан бисквит сататын фабрика салады. Ол мұнда бұрынғыдан үш есе көп күлше пісіреді. Ал өнімнің бағасы өзгермей қалады. Кейіннен фабрика Стамбұлдағы Давудпашаға көшіп кетеді. 1970 жыл Уолкер Anadolu Gıda (Анатолияның тамақ өнеркәсібі) компаниясын құрады, 1974 жылы алғаш рет шетелге бисквиттер экспорттай бастайды. 1979 жылы шоколад дайындайтын фабрика ашылады. Дәл сол жылы шетелдік өндірушілермен бәсекелестіке түсу үшін зерттеу және даму департаменті құрылады. 1980 жылдан бастап кондитерлік өнімдер ассортиментін арттыру жұмыстары жүргізіле бастайды. Ülker тек өз қалтасын ғана ойлайтын компания емес, оның қоғамдық прогрестегі жауапкершілігі Түркия экономикасы үшін өте маңызды. Ол білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында да жұмыс істеді. Қазір компанияда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.Оның өнімдері 115 елге тасымалданады. Холдингке тиесілі 72 зауыттың 16-сы шетелде орналасқан. 5400 түрлі тауардың 300-і бренд болып қалыптасқан. Жыл сайынғы айналымы — 10 500 000 000 доллар. Сонымен қатар Ülker өнімдері Қазақстандық тұрғындардың ең сүйікті тағамына айналған.
Бибарыс ҒАЛЫМҰЛЫ
07 сәуір 2019 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930