» » Қарапайым заттар экономикасы

Қарапайым заттар экономикасы

Апта басында Нұр-Сұлтанда өткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен агенттіктердің барлығында дерлік жазылған басты тақырып бұл – қарапайым заттар экономикасы.
Сонымен Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысынан туындайтын 600 миллиард теңге көлеміндегі кредиттің шарттары және ол қайда жұмсалады, кімдерге тиесілі деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Ведомство басшысы Р.Склярдың айтуынша, 400 миллиард теңге өңдеу өнеркәсібіне жұмсалады. Бұл халық күнделікті тұтынатын 250-ге жуық тауарды өндіруге және көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қаржыландырудың бұл тетігі осыған дейін сырттан тасымалданған тауарлардың үлесін 14 пайызға дейін қысқартады деген болжам бар. «Қарапайым заттар экономикасын дамыту, өңделген өнімдерді экспортқа шығару, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру тапсырмасы былтырғы желтоқсанда Үкімет қабылдаған Индустрияландырудың үшінші бағдарламасының тұжырымдамасында ескерілген», – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Болжамды есептеулерге сәйкес 2025 жылға қарай қарапайым заттар экономикасы тауарларын өндіру көлемі 9 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.
Қаражат жеңіл өнеркәсіпке – киім-кешек, тоқыма, шұлық, аяқ-киім өндірісіне, төсек жабдықтарына, тамақ өнеркәсібіне, жиһаз өндірісіне, құрылыс материалдарын өңдеуге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталады. Бірінші кезекте кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлінеді. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15%-бен несие береді. Қайта өңдеу жобасы бойынша оның 7%-ы «Даму» қоры арқылы субсидияланады, ал агроөнеркәсіп бойынша оның 10%-ы еліміздің ауылшаруашылығы басқармалары арқылы субсидияланады. Сонда кәсіпкерлер несиені 8% және 5% бойынша өтейді. Бағдарламаға жеңілдетілген несие ала алмай жүрген ірі кәсіпкерлік субьектілері де қатыса алады. 
Қазір республика бойынша өңір-өңірлерде басымдыққа ие жобаларды несиелеу бағдарламасының жұмысына мониторинг жасау бойынша Қарапайым заттардың экономикасы жобалық алқасы құрылды. Өйткені жобаларға үнемі мониторинг жүргізіп, проблемалық сұрақтарды уақытында шешудің маңызы өте зор. Әсіресе бағдарламаға қатысуға ниет танытқан кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізу жобалық алқа жұмысының маңызды кезеңі саналады. Сауалнама банктер өтінішін мақұлдамаған компанияларды анықтауға және саладағы өзекті мәселелерді білуге көмектеседі. Алқа құрамында кәсіпкерлер палатасы, Индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Ауылшаруашылығы басқармасы, «Даму» қоры және  екінші деңгейлі банк өкілдері бар. Олар елді-мекендерді аралап, кәсіпкерлерге бағдарлама тиімділігін түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Мұнымен қоса аудандық филиалдарында шағын және орта бизнес бөлімі жұмыс істемейтін екінші деңгейлі банк өкілдеріне арнайы семинар ұйымдастырылуда. Қызылорда облысының Кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың мәліметіне сүйенсек, 8 миллиард теңгенің көлемінде 90 жоба түсіп, оның 2-еуі мақұлданған, бұдан өзге 5 жоба банктің қарауында, 21 жобаның құжаты жинақталып, 58 жоба бойынша келісім жүргізілуде. «Бүгінге дейін қала кәсіпкерлері белсенділік танытқан болса, енді аудан кәсіпкерлері қосылып жатыр. Мысалы, киім сатумен айналысатын кәсіпкер киім тігу, мал сою пунктісі бар кәсіпкер мал бордақылау, мал асырайтын кәсіпкер етті қайта өңдеумен айналысуға ынталы», – дейді Ғалымбек Жақсылықов.
         Айта кетейік, бағдарлама жұмысына екінші деңгейді 9 банк қосылды, ал біздің облыста 7 банктің филиалы қатысуда.Олар: Халық банк, Сбербанк, АТФ банк, Forte банк, ЦентрКредитбанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк.  Қаржыландыруға қол жеткізу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтіп, «Даму» қорына жүгіну қажет.  
                                                                                                       Ж.САҒИДА
23 сәуір 2019 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031