» » Шиелідегі сүт өңдеу цехы күніне 1 тонна сүт өндіреді

Шиелідегі сүт өңдеу цехы күніне 1 тонна сүт өндіреді

  Шиелі ауданындағы «Асылхан» шаруа қожалығы 2017 жылы бой көтеріп, мамыр айында іске қосылған болатын. Сүт өңдеу цехына бас аяғы 250 млн. теңге қаржы жұмсалған. Аталған мекеменің төрағасы Данияр Дүйсебаев «Наурыз-Дем» кредиттік серіктестігінен 41 млн. теңге несие алып, қалған қаражатты өз есебінен қарастырған. Қазіргі таңда 30 бас сиыр мен 2 бұқаны Солтүстік Қазақстаннан алдырып, төл басын көбейтіп отыр. Негізгі орын 100 бас сиырға арналғандықтан, алдағы уақытта көршілес Ресей елінен арнайы ірі қара малын алуды жоспарлап отыр. Жобалық қуаттылығы күніне 1 тонна сүтті құрайтын кәсіпорында бүгінде тәулігіне 200-250 л сүт, аптасына 50 кг қаймақ пен 150-200 кг ірімшік өндірілуде.
Отыздан аса адамды жұмыспен қамтып отырған шаруа қожалығы 200 бас ірі қара малы бар бордақылау алаңын 48 млн теңгеге салған. Бүгінгі таңда мал сою пунктінде 45 бұзау мен 30 баспақ тұр. Аудандағы шағын шаруа қожалықтардан сүт алып, өз өнімдерін өндіруге септігін тигізуде. Алдағы уақытта аудандағы барлық мекемелер, дүкендер мен балабақшаларды толығымен сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарланған.
23 сәуір 2019 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031