ВИКТОР НИ: ЕЛ ҚҰРАМАСЫ БАБЫНДА ЕМЕС

«Спортшылардың дайындығы жоспар бойынша өтуде. Әрине, біз әрдайым жоғары нәтижеге ұмтыламыз. Бірақ кейбір кедергілерге қарамастан, команда жақсы деңгейде дайындалып жатыр. Меніңше, Азия чемпионатында екі-үш медаль алатын мүмкіндігіміз бар», - дейді Виктор Ни. Бапкердің айтуынша, Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов пен Илья Ильин айтарлықтай бабында емес екен. «Команда толығымен бабына енді дей алмаймын. Әлем чемпионатына дейін жүз пайыз дайын болары сөзсіз. Қазіргі кезде кейбір спортшылардың әлі кемеліне келмегенін айтуға болады. Зүлфия Чиншанло 70 пайызға дайын. Рахимовтың арқасында жарақаты бар, Илья Ильин де бабында емес. Олардың барлығы әлем чемпионатына дейін қалпына келеді», - дейді бапкер. Виктор Ни алдағы Азия чемпионатынан соң күрмеуі көп мәселелердің шешілетініне сенімді. «Азия біріншілігінен соң бәрі белгілі болады. Алда екі ірі жарыс бар. Сол бәсекелерден кейін ғана Олимпиада туралы ойланатын боламыз», - деді ол