» » Кітаптар сыйлады

Кітаптар сыйлады

  «Қоғамға қызмет» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Күлтегін» шаңырағы мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлар бірлестігі облыс орталығындағы қарттар үйінде болып, кітапханасына 30 кітап сыйлады.
Қарт десе, әркімнің өз шаңырағына береке кіргізіп, құт дарытып отырған ақсақалды атасы мен ақ жаулықты әжесі елестейді. Тілеуімізді тілеп, балаларына ақылын, немерелеріне ертегісін айтып, ортамызда аман-есен отыра берсе екен дейміз. Тағдырдың әр түрлі жағдайына байланысты қарттар үйіне барып, мемлекет қамқорлығына жүгінген қариялардың хал жағдайын сұрап, оларға құрмет көрсету мақсатында зияткерлік мектеп оқушылары қарттар үйінің тұрғындарымен ай сайын жүздесіп отырады. Бұл жолы мектеп ұжымы қарттар үйінің кітапхана қорын толықтыру үшін қазақстандық ақын-жазушылар туындыларын жинақтап, сыйға тартты. «Қарттарымыз көбінесе, Зейнолла Шүкіров, Әзілхан Нұршайықов сынды жазушылардың шығармаларын оқығанды жақсы көреді екен. Осы және өзге қазақ әдебиеті майталмандарының кітаптарын қарттар үйінің кітапханасына өткіздік», - дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Гүлжан Досанова.
26 сәуір 2019 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031