ШЫНАЙЫ ЖОЛАУШЫ


Өмірді танығысы келген бір жас жігіт дүниені аралап, саяхаттап жүрген елдерінің бірінде мәшһүр бір ғалымның үйіне қонаққа барады. Саяхатшы ғалымның тұрған үйінің дуалдарының кітаптарға толы екенін көреді. Қатты таң қалады. Бірақ мұның мәнісіне бара алмайды. Үйде жерге төсеулі бір кілем, дуалдың түбінде бір төсек, ортада тұрған бір столмен орындықтан басқа ешнәрсе болмайды. Таңданысын жасыра алмай сұрайды:
– Неліктен ешқандай затыңыз, жиһазыңыз жоқ?
Ғалым қолымен әлгі заттарын меңзеп жауап береді.
–Бар, міне олар.
– Енді айтайын дегенім басқа жиһаздарыңыз, бұйымдарыңыз қайда?
Ғалым бұл сұрағына сұрақпен жауап береді:
– Балам сенің де артық ешқандай заттарың жоқ. Тек мына арқалап жүрген сөмкең ғана бар. Ал сонда сенің заттарың қайда?
Жас жігіт бұл күтпеген сұраққа былай деп жауап береді:
– Бірақ көріп тұрсыз ғой мен жолаушымын.
Ғалым күлімдеп дұрыс айтасың дегендей болып басын изейді де:
– Мен де ақырет жолаушысымын – дейді.
Діни дайжест
БАС МҮФТИ САЙЛАНДЫ
Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Байұзақұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мүшелері мен теолог-ғалымдар және еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысты.
Құрылтай жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды. ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.
– Осыдан 5 жыл бұрын Бас мүфти қызметіне сайланғанымда бұл аманатты абыроймен атқарып шығуды Алладан сұрап едім. Сіздермен бірге көптеген ауқымды іс-шараларды атқардық. Бұл аманатты орынбасарым Серікбай қажы Оразға тапсыруға шешім қабылдадым. Ол 20 жылдан астам діни салада қызмет етіп келеді. Діни басқарма тарихында үш мүфтидің кезеңінде белсенділігімен көзге түсті. Оның идеясы мен іскерлігінің арқасында көптеген игі жобалар жүзеге асты. Серікбай қажы Ораз Бас мүфти қызметін жоғары деңгейде атқарады деген сенімдемін. Сіздер де бұл ойымды құптайсыздар деп ойлаймын, – деп атап өтті.
Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Серікбай Сатыбалдыұлы құрылтай делегаты алдында діни салада аянбай қызмет етуге сенім білдірді.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930