» » ЖАС МАМАН – ГҮЛДАНА

ЖАС МАМАН – ГҮЛДАНА

«Жастар –  қоғамның қозғаушы күші» деп Елбасы айтқандай, Қармақшы ауданында  өңір халқының тұрмыс-тіршілігін нығайтуға белсене атсаласып жүрген жастар жетерлік. Солардың қатарында жас та болса дарынды, ізденімпаз, еңбексүйгіш қасиетімен Ақай ауылдындағы №279 орта мектепте үлгілі ісімен танылып жүрген жүрген жас ұстаз – Гүлдана Қосжанова. Ғарышкерлер астанасы Байқоңыр қаласында өмірге келген Гүлдана Салмаханқызы өзге замандастары сияқты қаладағы мектепте білім алып, онжылдықты тәмамдаған соң, жүрек қалауымен 2013-2017 жылдар аралығында  Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Орал  мемлекеттік университетінде шет тілі мамандығын алады. Қазақ даналығында «Туған жердің түтіні де ыстық» деген тәмсіл бар. Міне, осы ұстанымды бойына сіңірген жас маман елге оралған соң, Ақай ауылындағы №279 орта мектепке  ағылшын тілі маманы болып қабылданды. Жыл өте Елбасының жастар саясатын қолдауға арнаған мемлекеттік бағдарламаларының бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысып,  тұрғын үй сатып алды.
Гүлдана жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген шарада «Руханият»  үгіт-насихат тобы құрамында үздік өнер көрсетіп облыстық кезеңде бас жүлдеге ие болды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп ұлт данышпаны Абай Құнанбаев айтқандай, мен адамзат баласы үшін ең ұлық та мәртебелі мамандық саналатын мұғалімдікті таңдағаныма қуанамын. Бүгінде  мектепте, жоғары оқу жинақтаған білімімді шәкірттеріме жеткізуде аянбай еңбек етудемін. Мен өзімді толыққанды білім саласының маманымын деп санамаймын. Осындай мәртебелі мамандық иесі атану үшін міндетті түрде оның қыр-сырын тереңдете меңгеру керек. Алдағы уақытта өзімнен кейінгі өскелең ұрпақтың білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасуына, қоғамның құрметті азаматы болып өсуіне тер төге еңбек етуді азаматтық парызым санаймын. Өткен жылы шәкіртім Нұрия Дарбаева үштілділікті насихаттауға арналған аудандық байқаудың жеңімпазы атанса, өзім жетекшілік ететін «Гүлдерай» би тобы аймақтық «Бозторғай» балалар байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, мектеп абыройын асқақтатты, – дейді Гүлдана.
Міне, осындай уақыт ішінде өзінің өнегелі ісімен жастарға үлгі болған  Гүлдана  жуырда Жастар жылына орай ұйымдастырылған «Қазақ аруы-2019» аудандық байқауының ІІІ орын жүлдегері атанып, Ақай ауылддық округі әкімінің және мектеп басшылығының алғыс хатына ие болды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы 
   
29 сәуір 2019 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031