» » КІМНІҢ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚИСЫҢ?

КІМНІҢ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ ОҚИСЫҢ?

                                                                                                       Алтын ұям
Жаңа достармен танысқаннан кейін міндетті түрде оның қай мектепте оқитынын сұраймыз. Содан кейін мені мектеп кімнің атында, ол туралы оқушы не біледі деген сұрақтар қызықтырады. Мектебінің нөмірін білгенмен, атын арқалаған азаматтың өмірін білмейтін оқушылар өте көп болып шықты. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деп есімі мектепке берілген қоғам қайраткерлері жайлы ештеңе білмейтініміз өкінішті.
Мен Сералы Лапин атындағы №261 мектепте оқимын. 1869-1919 жылдар аралығында өмір сүрген бұл азамат жайлы екінің бірі біле бермейді. Шығыстанушы, түрколог Сералы Мұңайтпасұлы Перовск қалалық училищесінде тәрбиеленген, Түркістан мұғалімдер семинариясын бітірген, одан кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқыған. Ол  қазақтың белгілі қоғам және саясат қайраткері, жасындай жарқырап өткен азаматтардың бірі.
                                                                           Саят Сәкенұлы,
С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің
                                                        6- сынып оқушысы.
12 наурыз 2018 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031