ҮШ ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жастар үштілділік саясатты насихаттайтын байқауда «Таныстыру», «Ойлы болсаң, озып көр», «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңі бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің «Көшбасшылар» тобы, І орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «POLIGLOT» тобы, ІІ орынды «Қазанғап» атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің «Тіл сақшылары» тобы, ІІІ орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Юные гении» тобы иеленді. Сайыс жеңімпаздарына басқарма дипломы мен ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.
Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ