» » «Ішінен ұрған»: Асия Тулесованың анасы қызы үшін көмек сұрады

«Ішінен ұрған»: Асия Тулесованың анасы қызы үшін көмек сұрады

  Алматы марафонында «Шындықтан қаша алмайсың. Бізде таңдау бар» деген жазу жазылған прокат үшін 15 тәулікке қамауға алынған Асия Тулесованың анасы қызының уақытша ұстау абақтысындағы жағдайын айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы Фатима Жандосова өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Асия Тулесова аштық жариялаған кезде оның жанына үнемі тамақтанатын және темекі шегетін әйелді әкеп кіргізген екен. Енді олар Асияның жанына оны үнемі қасақана арандатып отыратын Толғанай деген қызды отығызыпты. Ол Әсияны арандатқысы келгенімен қоймай, оның ішінен ұрған дейді, Тулесованың туысы.
«Қазір Асия камераға кіргісі келмейді. Ол арандатушылықтан қорқады. Себебі, бұзушылықты қоздырып, бұдан да ұзақ уақытқа қалдыруы мүмкін. Асияның шығуына 3 күн қалды, ал қазір арандатушылық күшейе түседі»,- дейді Фатима Жандосова.
Не істерін білмеген Асияның жақындандары оны қалай қорғаймыз деп, көмек сұрады.
04 мамыр 2019 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930