» » Рамазан айында ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет қандай?

Рамазан айында ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет қандай?

   6-шы мамырда мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айып кіріп, ниет еткен адамдар Алла алдындағы бес парызының бірін өтейтін болады. Осы орайда islam.kz ораза үстаушыға берілетін 5 қасиетті атады.
Имам Ахметтің Әбу һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алланың елшісі (с.а.у) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: "Менің үмбетіме Рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет беріледі" дейді. Олар:
  1. Ораза тұтушының аузының иісі Алланың алдында қош иісті мисктен, сөзсіз артық болады;
  2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
  3. Алла Тағала Рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: "Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерін тастап, саған кіретін күні жақын қалды" дейді;
  4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды;
  5. Ал, соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі. Сахабалар: "Уа Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?" - деп сұрағанда Ол (с.а.у): "Жоқ жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты" - деген".

05 мамыр 2019 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031