» » Егеменнің әзілі, бүгінгінің шындығы...

Егеменнің әзілі, бүгінгінің шындығы...

 Оймақтай ой
   «Жүріп жүрген қызымның «аяғы ауыр» бола қалып еді... Менің атым да, мекенжайым да, телефон нөмеріме дейін өзгеріп шыға келді...». Бұл «Егемен Қазақстан» басылымына жарияланған әзіл. Әзіл дейміз-ау. Астарыңа үңіліп қарасаңыз, үлкен мәнге ие.
       Қызбен жігіт араласып, сөйлеседі. Уақыт өте келе сезім лаулай түседі. Ұят болса да, айтайық, той болмай тұрып аяғы ауырлайды. «Сүйдім, күйдім» деген сөзге көз байланған қыз қаншама! Қыздар тез алданып, жігіттің айтқанына көнеді. Тіпті ата-ананың кеңесіне де құлақ аспайды. Мектепті енді бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан бойжеткен өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмай, түр-түсі әдемі, астында көлігі бар, келісті жігіт болса, құлай ғашық болады. Жігіттің шынайы сезімі аңғарылмай қалады.  Аяғы ауыр қызды жар етуге дайын болмағандықтан, ат-үсті байланысын үзеді. «Менің саған үйленгім келмейді» деп кесіп айтатындары да бар. Салдарынан өмір есігін әлі ашпаған, қыз тағдыры тәлкекке түседі. Содан соң амал жоқ түсік тастатады. Кім босағада отырып босанғысы келеді. Ол, біріншіден, ата-ана абыройына нұқсан келтіреді, екіншіден, бойжеткеннің болашағына балта шабады. Қазір он қыздың бірі шарасыз күйде. Не істерін білмей, әуре-сарсанға түседі. Жасырып жатқан жиендердің де көбейгені жасырын емес енді.
       «Қызға қырық үйден тыйым» деген. Ата-ана үшін бұл сөздің маңызы зор болатын бұрын. Кеш болса, көшеге шығуға, қыдыруға тыйым салынған-ды. Ауылда дүкенге барсаң да, артыңнан аған бақылайтын. Би кешіне бару арман еді. Қысқа етек кию ол кезде мүлде жоқ. Қазір қалай? Анаңның өзі сізбен жарысып шорти кисе, әр бұрышта тұрып шылым шексе, әке баласымен ішімдік ішіп жарысса... Көзбен көрген соң, болашағымыз қалай болар деп еріксіз ойнасыз...
Мөлдір САБЫРЖАН
23 тамыз 2018 ж. 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031