БАЛУАНДАР БАКУДЕ БАБЫН БАЙҚАЙДЫ
11-12 мамыр күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі басталады. Әлемнің 60 мемлекетінен 500-ден аса спортшы бақ сынайтын додада қазақстандық балуандар да бақ сынайды. Айтулы бәсекеде ел намысын 11 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Бауыржан Нарбаев (60 келі)
Мағжан Шамшидин (60 келі)
Есет Қуанов (66 келі)
Сұңғат Жұбатқан (66 келі)
Жанболат Бағытбергенов (73 келі)
Мадияр Сембаев (73 келі)
Виктор Демьяненко (100 келі)
Қыздар:
Анна Казюлина (52 келі)
Ақниет Тұрдан (63 келі)
Зере Бектасқызы (70 келі)
Зарина Райфова (78 келі)