» » Әскерге бару – міндет әрі зор абырой

Әскерге бару – міндет әрі зор абырой

   Арал аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен бітіруші колледж, мектеп түлектері және жұмыссыз жастардың қатысуымен «Әскерге бару – міндет қана емес, зор абырой» тақырыбында кездесу өтті.
Оған аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан Б.Қуатов, ауған соғысының ардагері З.Әжіғұлов пен белсенді жастар қатысты.  Кездесуде сөз алған Б.Қуатов ауданда жыл сайын дәс­түрлі түрде күзгі және көк­темгі мерзімде әскерге ша­қыру науқаны жүретінін, сәуір айының 1-нен бастап көктемгі әскерге шақыру үрдісі басталып, биыл ҚР Қарулы күштеріне, Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенше жағдайлар министрл­ігі әскери бөлім­деріне жөнелтілетінін атап өтті. Сонымен бірге ардагер З.Әжіғұлов жастарға ел байрағын желбіретіп, Қазақстан мәртебесін биікке көтеріп, намысты қолдан бермей, халыққа қорған болуға шақырды. Сондай-ақ кездесуде сөз алған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Ізбасаров әскерге бару әрбір азаматтың борышы екенін айтты.
– Әскерге бару – қазіргі таңда басты мәселе. Себебі әскерге баратындар саны азайды. Осы мәселенің алдын алуға қатысты көптеген шаралар атқарылып келеді. Бастысы, әр Қазақстан азаматы үшін әскерге бару –азаматтық борыш екенін айтқым келеді. Елдің ертеңі жастар болғандықтан, кез келген мәселеде ұйытқы болуға тиіс. Сондықтан барша жасты әскерге баруға шақырамын, – деді Ә.Ізбасаров.
Жиын соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу автоматты уақытқа жинауды көрсеткен мектеп оқушыларының шеберлігімен қорытындыланды.
Д.Меңдібаев,
Арал аудандық
"Жастар ресурстық орталығы"
КММ үйлестірушісі
13 мамыр 2019 ж. 994 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031