» » Бүгінгі әлем: трансформация шындығы?

Бүгінгі әлем: трансформация шындығы?

  Алматыда ХVI Еуразия медиа форумы басталды. Жыл сайын көктемде ғаламдық ақпарат кеңістігінің мамандарын пікірлесуге шақыратын бұл форумның биылғы тақырыбы "Бүгінгі әлем: трансформация шындығы?" деп аталды. Форумның бірінші күнінде жақын және алыс шетелдің медиасарапшы мамандары қазіргі уақыттың актуальды тақырыптары жайында шеберлік дәрістерін өткізді. Рейтер агенттігінің журналисі, жастарға арналған "News-Decoder" білім беру тақырыбындағы жаңалықтар қызметінің негізін салушы Нельсон Грейвс өткізген экологиялық журналистика тақырыбы қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бүгінде экология тақырыбы қандай да бір баспа өнімінің бірінші бетінде жарияланады. Бұрынырақта БАҚ-та кеңінен сипат алмаған бұл тақырыптың бүгінгі маңыздылығы неде? Осы күрделі тақырыпты оқырманға не көрерменге түсінікті тілмен жеткізудің жолдары қандай? Ақпарат көздерінің пайдалысы қайсы? Обьективті тұрғыда жазып шығу үшін оны қалай пайдаланған дұрыс? Осы және басқа да сұрақтар төңірегіндегі шеберлік дәрісінің соңы журналистер тарапынан түрлі сұрақтарға ұласты. Әсіресе жер асты байлығын игеруден туындайтын экологиялық мәселеге көзқарас бірнеше сұраққа арқау болды. Қырғызстандағы алтын өндірісі, Қазақстандағы Қарашығанақ, Жезқазған, Арал мәселесі назарға алынды. • "Виртуальды шынайылық" тақырыбында әл-Жазира телекомпаниясы "Contrast" медиастудиясының басшысы Захра Расул өткізген екінші шеберлік дәрісі заманауи технологияның жаңа мүмкіндігімен таныстырды. Түсіріп тұрған аумақты 360 градуста қамтитын бейнекамера арқылы виртуальды шынайылыққа қол жеткізу жолдары жан жақты айтылған бұл дәріс телемамандармен қоса әлеуметтік желілерде әсерлі ақпарат тарату және оның сапасы ойландыратын әрбір журналист үшін пайдалы болды. Бұны бүгінгі Storytelling жанрын жаңа деңгейде ұсыну деп қабылдауға болады.
Айжан Абдуллаева
22 мамыр 2019 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031