» » Қос кездесу нәтиже бермек

Қос кездесу нәтиже бермек

  Мектеп оқушылары үшін медицация кабинеттері жұмысын бастады. Мұндағы басты мақсат оқушылар арасындағы түсіністікті нығайтуға бағытталған, сондай-ақ, олар бітімгершілікке шақырады.
Жуырда № 7 мектеп-лицейі және № 235 орта мектебінде 9-10 сынып оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Достық үйінен ашылған "Медиация" кабинеті жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшелер қатысты. Алғашқы кездесу №7 мектеп-лицейде өтті. Шарада облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшы-медиаторы Қ.Ақылбеков облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының осы бағытта атқарып жатқан жобасына тоқталса, «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің кәсіби тренер-медиаторы Л.Бақтыбаева өңірдегі кәсіби медиация саласы туралы баяндады. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы № 10 мектеп-лицей оқушысы, «Жас бітімгер» пилоттық жобасының жас медиаторы Н.Алпысбай білім ордасында медиация кабинетін ашу бастамасы қалай жүзеге асқандығын және осы салада атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Кездесу № 235 орта мектепте жалғасып, мектептік медиацияны дамыту ұсынысы жан-жақты талқыланды. Қос кездесуде оқушылар жаңа бағытты игеруге ынтасын білдіріп, тақырып бойынша қонақтармен ой бөлісті.
26 мамыр 2019 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031