Татуластыру рәсімі насихатталуда
Облыстық сот пен «Бітім» медиация орталығы арасында жасалған өзара ынтымақтастық меморандумы аясында 18 азамат медиация қолданудың жалпы курсын оқып, сертификат алды. Бүгінгі күні бұл азаматтар облыс сотындағы медиация кабинетінде, құқықтық қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді.
Мұнан өзге дауласу тараптарды бітімге келтіру мақсатында ашылған Шиелі аудандық сотында татуластыру кабинеті сотқа келушіге қызметін ұсынды. Татуластыру кабинетінде аудандық сот төрағасының өкімімен тағайындалған бітістіруші судья тараптарға медиацияның артықшылығы мен мүмкіншілігін жан-жақты түсіндіреді. Бұл жерде тараптардың бір-бірімен сөйлесіп, ортақ келісімге келуіне оңтайлы жағдай жасалған.
Азаматтық істер бойынша 2017 жылдың 4 айында 422 іс тоқтатылып, 2018 жылдың осы кезеңінде 859 іс бітіммен аяқталған. Ал татуластыру рәсімдерімен аяқталған қылмыстық істер бойынша өткен жылдың 4 айында – 99 іс, ағымдағы жылдың 4 айында – 164 іс тоқтатылса, әкімшілік істер бойынша өткен жылдың 4 айында – 44, 2018 жылдың 4 айында – 52 іс қысқарған.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 сәуірімен 31 желтоқсан аралығында «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында сотқа келуші тарапты татуластыруға ықпал ететін Қызылорда қалалық сотында арнайы татуластыру рәсімін жүргізетін судья жұмыс істеуде.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі