АУДАН ЖАСТАРЫ САРБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА
Сарбұлақ елді мекенінде белсенді жастарға арнап бір күндік сапар ұйымдастырылды. Сапар барысында ауыл халқы жастарды ыстық ықыласпен қабылдап, ауыл әкімі Алмат Қылышбаев ауылдың тарихы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Ауылдық клубта кофе – брейк ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының қолөнер көрмелері таныстырылды. Одан кейін жастар мешітке барып, бабалар рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ, үлкендер Сарбұлақ атауының шығу тарихын баяндады. Жастар арнайы ұйымдастырылған қазақы этноауылға барып, киіз үй ішінде жиылған әжелермен кездесіп, жүн түту, оны иіру, бояу, жіп жасау, тоқу, құрақ құрау сынды дүниелерді қалай жасау керегін және келіде дәнді ұнтап, оны деиірменнен өткізіп, жасау жолын көрді. Осыдан соң жастар атқа мініп, жазықдалада серуендеді.
Табиғаты тамаша, жастары белсенді, үлкендері қонақжай, қарттары сабырлы Сарбұлақ ауылының тұрғындарына белсенді өнерпаз жастарымыз концерттік бағдарлама қойып, ән, би, әзіл өнерлерін көрсетті.