» » ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

  Сол жағалау. Су жаңа жастар ресурстық орталығы. Айна тәрізді айналаңды еркін шолуға мүмкіндік беретін әйнек кеңседе бір топ жас жиналған. Алабұлтты күнгі кеңес көп жиынның бірі емес, бұл жолы жастар зілі бар әңгімені талқыламақ. «Ақмешіт жастары» достарын шақырады» деп форумға ат беріп, айдар таққан соң, алты ауданның бетке ұстар жастары да осы арадан табылды.
«Ақмешіт жастарына» биыл – 6 жыл. Басылым жарыққа шыққалы бері жастар мәселесін қапыда қалдырған емес. Трендтегі тақырып, әлемдік медиа кеңестік ақпараттары, облыстағы жастар жетістігі әр аптаның бейсенбі күні оқырманға жетіп отырады. Жас газет жүйрік уақытқа ілесіп, тың идеямен түрен салуға бейім. Айына бір рет ұсынылатын қырыққа жуық беті бар газеттің 150-ден астам айдары қазір латын қарпімен беріліп жүр. Ендігі жерде жас оқырман газет бетінен қандай тақырыпты оқығысы келеді, ұлттық санаға сілкініс жасау үшін тағы не істеу керек, көзіқарақты тұрғындар басылымнан қай кейіпкерді іздейді? Форумда осы сауалды әрбір жас өзіне қойып, жауабын ортаға салды. 
Гүлдана ЖҰМАДИН
23 мамыр 2019 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031