Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні жоғары деңгейде атап өтілді

Айта кету керек, мұндай шаралар облыстың бірқатар аудандарында өтті. Онда тек көрмелерден бөлек, талантты оқушылардың туындылары да қойылды. Яғни осы арқылы жас буынның санасына уақытты тиімді пайдалану, ғылымға үлес қосу секілді жақсы дүниелерді жеткізгісі келді. Әсіресе, Жаңақорған ауданына қарасты #256 мектептің оқушысы құрастырған роботы ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ Қармақшы, Шиелі, Сырдария аудандарындағы мектептерде "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында үлкен іс-шаралар өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Тіпті, ағылшын тілінде кеш жүргізіп, білім деңгейлерін көрсеткен оқушылар да болды.
Осындай өрендеріміз барда нашақорлық дертін жоятынымыз анық.
Жансая Жүнісова