Балалардың жазғы демалыс маусымы ашылуының i облыстық фестивалі өтті
«Қамбаш» олипиадалар және қосымша білім беру орталығында балалардың жазғы демалыс маусымы ашылуының I облыстық фестивалі өтті.
«Бақытты балалық шақ» атты фестивальдің ашылуына ҚР білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Бақыт Әлібаева және облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова қатысып, балалардың лагерьде көтеріңкі-көңіл күймен демалуларына өз тілектестіктерін білдірді. Одан соң аудан әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков сөз алып, оқушыларды жазғы демалыс маусымының ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Шараға қатысушылар оқушылардың қолөнер бұйымдарының және робототехника көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, лагерьде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, робототехника үйірмелері және «Темірші» дебат клубы мен «Жас қыран» әскери-патриоттық клубтары жұмыс жасайды.
Фестиваль мерекелік концертке ұласып, бүлдіршіндер шарларға тілектерін жазып,көкке ұшырды.
Биылғы жылы«Қамбаш» тынығу лагерінде 1100 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі таңда бірінші ауысымда 130 бала қабылданып, тынығуда.